Skip Navigation

DVD Ilustrado Multilíngue

The Biology of Prenatal Development




ЖАТЫРДАҒЫ ҰРЫҚТЫҢ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ.

.Қазақ [Kazakh]


 

Baixar Versão em PDF  O Que é PDF?
 

Desenvolvimento Embrionário: 4 a 6 Semanas

Capítulo 11   4 Semanas: Líquido Amniótico

4-аптада Таза амнион сұйықтықпен толтырылған қаптағы эмбрионды қоршап алады. Бұл қағанақ суы деп аталатын стерилденген сұйықтық эмбрионның жарақаттан қорғалуын қамтамасыз етеді.

Capítulo 12   O Coração em Ação

Жүрек әдетте шамамен минутына 113 рет соғады.

Жүрек әрбір соққан сайын оның камерасына қан кіріп-шыққан кезде оның түсі өзгеріп тұратынына көңіл аударыңыз.

Жүрек босанар алдында шамамен 54 миллион рет және 80 жыл өмір сүрген кезде 3,2 миллиард рет соғады.

Capítulo 13   O Crescimento do Cérebro

Мидың тез өсуі алдыңғы ми, ортаңғы ми және артқы мидың түрі өзгерген кезде байқалады.

Capítulo 14   Brotos dos Membros

Нәрестенің қолдары мен аяқтарының дамуы 4-аптада бүршіктердің пайда болуынан басталады.

Бұл кезде тері мөлдір болады, өйткені бұл - тек жалғыз тығыз жасуша.

Тері қалыңдаған сайын ол өзінің мөлдірлігін жоғалтады, бұл - ішкі органдардың қалай дамып келе жатқанын енді шамамен бір ай бойы ғана бақылай аламыз деген сөз.

Capítulo 15   5 Semanas: Hemisférios Cerebrais

4 және 5-апта аралығында ми өзінің тез өсуін жалғастырады және әр түрлі 5 секцияға бөлінеді.

Бас эмбрионның жалпы көлемінің 1/3 бөлігін құрайды.

Бас миы жартышарлары пайда болып, біртіндеп мидың ең үлкен бөлшегіне айнала бастайды.

Уақыт өте келе ми жартышарлары басқаратын функциялардың ішіне ойлау, үйрену, еске сақтау, сөйлеу, көру, есту, қозғалыс жасау мәселелерді шешу кіреді.

Capítulo 16   Vias Respiratórias Principais

Тыныс алу жүйесінде оң жақ және сол жақ бас бронхтары болады және ол соңында кеңірдектерді немесе тыныс алқымын өкпемен байланыстырады.

Capítulo 17   Fígado e Rins

Соғып тұрған жүректің жанындағы қарынды толтырып тұрған көлемді бауырға көңіл аударыңыз.

Тұрақты бүйректер 5-аптада пайда болады.

Capítulo 18   Saco Vitelino e Células Germinativas

Сары уыз қабының құрамында ұрық жасушалары деп аталатын жыныстық жасуша болады. 5-аптада бұл ұрық жасушалары бүйректердің жанындағы жыныс органдарына көшеді.

Capítulo 19   Placas da Mão e Cartilagem

Сонымен қатар 5-аптада эмбрионда қол пластинкасы дамып, 5 1/2 аптада шеміршек қалыптаса бастайды.

Бұл жерде біз, сол қолы мен білегінің 5 апта және 6 күннен кейінгі күйін көре аламыз.