| |
Um Embrião de 8 Semanas
Capítulo 30 8 Semanas: Desenvolvimento do Cérebro
|
| |
| 8-аптада ми
аса дамып,
эмбрион денесінің жалпы
салмағының жартысын дерлік құрайды.
Өсу әдеттен тыс
қарқынмен жалғасады.
|
Capítulo 31 Característica de Destro e Canhoto
|
| |
| 8-аптада эмбрионның
75 пайызы оңқай екендігін көрсетеді.
Қалғандарының тең жартысыны солақай,
ал жартысы айырмашылықсыз
болады.
Бұл оңқайлық немесе солақайлықтың
ерте көріністері.
|
Capítulo 32 Virar
|
| |
| Педиатрлық оқулықтарда
туылғаннан 10-20 аптадан
кейін пайда болатын "аунау"
қабілеттері айтылады.
Алайда, мұндай әсерлі
координация
тығыздығы төмен сұйықтыққа
толы қағанақта
әлдеқайда бұрын көрінеді.
Тек жатыр сыртындағы жоғарырақ
ауырлық күшін жеңуге қажетті
күштің жетпеушілігі
нәрестенің
домалауына кедергі келтіреді.
|
| Бұл кезде эмбрион
белсендірек қозғалады.
Қозғалыстар баяу немесе жылдам,
бір реттік немесе қайталанбалы,
өздігінен немесе рефлесивтік болуы мүмкін.
Бастың бұрылуы, мойынның созылуы,
қолдардың бетке тиюі
жиі болып отырады.
|
| Эмбрионның тиюі
қылилықты,
жақтың қозғалысын
және аяқ саусақтарының
қалыптасуын айқындайды
|
Capítulo 33 Fusão da Pálpebra
|
| |
| 7 және 8 аптаның аралығында,
үстіңгі және астыңғы
қабақтар жылдам өсіп,
бір-біріне жарым-жартылай жабысып тұрады .
|
Capítulo 34 Movimento de Respiração e Micção
|
| |
| Жатырдың ішінде ешқандай
ауа болмаса да,
8 аптада эмбрион
ауық-ауық дем шығарады.
|
| Осы уақытта
бүйректер қағанақ
сұйықтығына ағатын
зәр бөліп шығарады.
Еркек эмбриондарда
дамып келе жатқан
ұрық бездері
тестостерон шығара бастайды.
|
Capítulo 35 8 a 9 Meses (32 a 36 Semanas): Formação dos Alvéolos, Segurar com Força, Preferências de Gosto
|
| |
| Сүйектер, буындар,
Бұлшық еттер, жүйке және
аяқ-қолдардың қан тамырлары ересек
адамдікіне өте ұқсас болады.
8 аптада эпидерма немесе сыртқы
тері өзінің мөлдірлігін
айтарлықтай жоғалтып, көп қабатты
мембранаға айналады.
Ауыздың айналасында шаш өскен кезде
қастары да өсе бастайды.
|
Capítulo 36 Resumo das Primeiras 8 Semanas
|
| |
| Сегізінші апта эмбриондық
кезеңнің біткенін білдіреді.
Осы уақыт ішінде
адамның эмбрионы
жалғыз жасушадан 1 млрд.
жасушаға дейін көбейеді,
бұл өз кезегінде
әр түрлі 4000 анатомиялық
құрылымды құрайды.
Эмбрион осы уақытта
ересек адамға тән 90%
астам құрылымға ие болады.
|